- Басты
- Жаңалықтар
- Елорда күніне орай әйел әскери қызметшілер астаналықтарға 1998 тәтті қаусырма пісірді (ФОТО)
Елорда күніне орай әйел әскери қызметшілер астаналықтарға 1998 тәтті қаусырма пісірді (ФОТО)
«Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының дәлізінде тәтті қаусырмалармен (капкейктермен) әшекейлендірілген мерекелік дастархан жайылды.
ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары Астана тұрғындары мен меймандарын құшақ жая қарсы алды. Елордалықтар үшін керемет тосынсый мерекелік қонақасы болды. Сайыс жеңімпаздары Астананың тұрғындары мен қонақтарын символика және әскери атрибуттар бейнеленген өздері дайындаған тәтті қаусырмалардан – капкейктерден ауыз тигізді. Осылайша, барша қауымды Астана күнімен құттықтады.
Барлығы 1998 тәтті қаусырма дайындалды, бұл елорданың атын өзгерту жылының белгісін білдіреді. Барлық капкейктер мозаика түрінде салынып, ағаштың бірыңғай суреті етіліп құрылды. Бұл астананың символы болып табылады.
«Бұл акцияға қатысу мен үшін қуанышты жәйт. Мен оған бірнеше күн бұрын қамдана бастадым, осы үлкен мейрамға қатысу керемет және Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері атынан тұрғындарды құттықтау мен тәтті тәмелектен ауыз тигізу жауапты іс болды»,- деді «Батыр арулар» байқауының жеңімпазы 55765 ә/б әскери қызметшісі Айдай Үсенова.
Акция барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, елорда қонақтары мен тұрғындарына ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскери ансамблінің солистері өнер көрсетті. Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасымен әйел әскери қызметшілер арасында «Батыр арулар» байқауы өтті. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштері әскери кәсіптің 12 үздік өкілі анықталды. Жеңімпаздар 2016 жылға арналған «Батыр арулар» атты мамандандырылған күнтізбеде әрі қарай фотосуреттері жариялана отырып, кәсіби фотосессияға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда