- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан туы - бүкіл әлем үшін табысты мемлекет символы (ФОТО)
Н.Назарбаев: Қазақстан туы - бүкіл әлем үшін табысты мемлекет символы (ФОТО)
«Туға құрмет – елге құрмет. Біз туды еңселі елдік пен ерен ерліктің ерекше белгісі ретінде қастерлейтін боламыз. Бұл бізге бабаларымыз мирас еткен дәстүрлердің бірі. Биыл біз Қазақ хандығының құрылғанының 550 жылдық мерекесін атап өтейік деп отырмыз. Байрақты батырларымыз бен ержүрек бабаларымыз елдігіміздің негізін қалаған. Әнұран әуенімен көтерілген көк байрақ әр қазақстандықтың бойына жігер, жүрегіне нұр құяды деп сенемін. Рухын асырып, мерейін тасытады. Сондай асқақ сезімнен қуат алған ерлеріміз бірлігіміздің берік қорғаны болады деп кәміл сенемін»,-деді сөз басында Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан туы - бүкіл әлем үшін табысты мемлекет символы.
«Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Астананың мерекесі бүкіл Қазақстанның мерекесі екенін білесіздер. Бас қаламыз тұтас ел дамуына серпін берген, кемел келешекке жол ашқан қастерлі бойтұмарымыз. Бүгін шын мәнінде Еуразия жауһарына айналған Астана елімізді биік белестерге жетелеп тұр. Жаһан жұртының назары ауған халықаралық шаралардың елорда төрінде өтуі осының белгісі. Біз тәуелсіздік жылдары жаңа астана салу арқылы халқымыздың жасампаз қуатын дүниежүзіне паш еттік», - деді Қазақстан Президенті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру, сондай-ақ курсанттарға офицерлік погон табыстау салтанатты шарасы өтуде.
Ботагөз Айтжанова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді