• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Тоқаев: Елімізге Ұлт жоспарын ұсына отырып, Н.Назарбаев заманына сай көрнекті реформатор ретіндегі өзінің реномесін бекіте түсті

Қ.Тоқаев: Елімізге Ұлт жоспарын ұсына отырып, Н.Назарбаев заманына сай көрнекті реформатор ретіндегі өзінің реномесін бекіте түсті

4 Шілде, 2015 12:03
Қазақстанға Ұлт жоспарын ұсына отырып, Президент Н.Назарбаев заманына сай көрнекті реформатор ретіндегі өзінің реномесін бекіте түсті, делінген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2015 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Алып» мақаласында.

«Қазақстанға Ұлт жоспарын ұсына отырып, Президент Н.Назарбаев зама­ны­на сай көрнекті реформатор ретінде­гі өзінің реномесін бекіте түсті, ол мем­ле­кетіміздің алдағы бірнеше жылдарға арналған ауқымды даму болашағын нақты суреттеп берді», - делінген Сенат төрағасының мақаласында.

Сонымен қатар, мазмұны бірегей «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, елімізді жаңғыртуға басымдық бере отырып, дағдарысқа қарсы шараларды қамтитын «Нұрлы Жол» Стратегиясы, сондай-ақ, біздің мемлекетімізді сапалық тұрғыдан жаңартатын бес институттық реформа және оларды іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам жаңа бағдардың матрицасын құрайды, деп аталып өтілген.

«Қазақстан өспелі жаһандық бәсе­ке­лестік кезінде күрделі геосаяси жағ­дайларда өтетін ауқымды трансформа­ция­лардың қарсаңында тұр. Біздің көшбасшымыз «ХХІ ғасырда жеңіл желпі жүріп өту» болмайтынын ескер­те отырып, барша ұлтты нақ осы қатал бәсекелестікке дайындап отыр. Біз­дің уақыттың парадигмасы осындай. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі – біздің елі­міздің үлкен жеңісі, бірақ бұл арқаны кеңге салуға емес, қайта әлемдік нарыққа қол жеткізу үшін тынымсыз еңбек етуге бастауы қажет», - делінген.

Елбасы реформалар тұрақты түрде өтетін процесс екендігін, өз уақытынан ілгері жұмыс істеу, саяси, экономикалық, әлеуметтік, тіпті, мәдени сын-қатерлерге айқын жауап беру қажеттілігін үнемі ескертумен келеді. Тоқырау кез келген қоғам­ды бұзады. Бірқатар елдерден көріп отыр­ғанымыздай, түбегейлі өзгертулерсіз аты шулы тұрақтылықтың өзі елеске айналады.

«Біз күшті президенттік билікті сақтап қалуымыз керек, оның жарқын үлгісі әлемдік сая­сатта беделі мойындалған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады. Біздің тарихи тәжірибеміз, ұлттық діліміз және геосаяси жағдайымыз тұрғысынан, Қа­зақстанда мықты көшбасшының болуы ел дамуындағы стратегиялық мін­деттерге сай келеді. Демократияны нығайта отырып, Парламент өкілеттігін кеңей­тіп және орталықсыздандыруды жү­зеге асы­рып, «мықты Президент – ықпал­ды Парламент – есепті Үкімет» форму­ла­сын­дағы саяси жүйенің тұрақтылығын назар­дан шығармауға тиістіміз», - дейді Қ.Тоқаев.  

Тарихта шешімдері тарихтың барысын өзгертуге ықпал еткен, бірақ адами қасиеттердің болмауына байланысты ұмыт болған, тіпті, қуда­лан­ған мемлекет қайраткерлері туралы мысалдар аз емес. Біздің Елбасымыз іскерлік қасиеттерімен ғана емес, сонымен бірге, адамгершілік қасиеттерімен де барынша дараланады. Елі үшін жеке сипаттағы кез келген жағдайға қарамастан, өте қиын шешімдерді қабылдауға барады.

Елбасы халықты ең дамыған мемлекеттер қоғамдастығына сеніммен бастап барады. Осыған орай, Нобель сыйлығының лауреаты, әлемдік саясаттың патриархы Шимон Перестің: «Пре­зидент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біздің заманымыздың ұлы құры­­лыс­шысы. Бұзу оңай, салу қиын. Оның құ­рылысын шынымен де ұлы деп атауға болады», – деген сөздері өте әділ айтылған.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев Шарль де Голльдың сөзін келтірген «Жер бетіндегі ең тамаша ойлап табылған нәрсе, бұл – Франция». Біз де Президент Н.Назарбаевсыз, оның шынайы Көшбасшылығынсыз елестете алмайтын және оның есімімен бірге ілгерілеу мен тұрақты даму жолына мәңгі алға ұмтылатын еліміз туралы да осылай сеніммен айта аламыз. 

Барлық жаңалықтар