• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Елбасының қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру салтанатты шарасы өтуде

Астанада Елбасының қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру салтанатты шарасы өтуде

4 Шілде, 2015 11:09
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру, сондай-ақ курсанттарға офицерлік погон табыстау салтанатты шарасы өтуде.

Аталмыш шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі, ол Елорда күнін атап өтуге ресми түрде бастама береді.

Сонымен қатар, шара аясында Мемлекет басшысы – ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы әскери оқу орындарының түлектеріне  офицерлік погон табыстайды.

2015 жылы офицерлер қатарын жоғары әскери оқу орындарының 12-үздік-түлегі толықтырады.

Туды көтеру  «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде өтуде.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар