• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев Қазақстанның ЕАЭО аясындағы энергетика, көлік, фармацевтика салаларындағы даму перспективаларын атап өтті

Б.Сағынтаев Қазақстанның ЕАЭО аясындағы энергетика, көлік, фармацевтика салаларындағы даму перспективаларын атап өтті

4 Шілде, 2015 13:01
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Еуропалық одаққа қатысушы елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) қалыптасуындағы әлдеқайда маңызды оқиғалар мәселелері және Қазақстан Республикасының жаңа шарттардағы даму перспективалары талқыланды.

Одақ жұмыс істеп келе жатқан сәттен бастап басты оқиғалардың бірі Армения Республикасының ЕАЭО-қа мүшелігі, Қырғыз Республикасының ЕАЭО туралы Келісім-шартқа қосылу үдерісі, Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру болды.

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының ЕАЭО-қа қосылуы өзара сауда қатынастарын дамыту және Орталық Азия өңіріндегі кооперацияны дамыту үшін маңызды қадам болып табылатынын баса айтты. Оған қоса, ЕАЭО елдері мен Вьетнам арасында еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қол қою отандық өндірушілерге жаңа перспективалар ашады, олар вьетнам нарығында өз орындарына ие бола алады. 

Жалпы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары ЕАЭО аясындағы келісімдер тұғырнамасындағы Қазақстанның энергетика, көлік, фармацевтика салаларының даму, Еуропа мен Азия арасындағы «байланыстырушы көпір» ретіндегі республиканың мүмкіндіктерін жүзеге асыру преспективаларын атап өтті.

Еуропалық одақ елдерінің дипломатиялық миссия өкілдері қазіргі уақытта Қазақстанда «100 қадам» Ұлт жоспары аясында өткізіліп жатқан реформалар, Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің инфрақұрылымы базасында Халықаралық қаржы орталығын құру перспективалары туралы ақпараттандырылды.
 

Барлық жаңалықтар