Степногорскта «Достық» аула клубы өз жұмысын бастады

4 Шілде, 2015 20:01
Степногорскта білім бөлімінің бастамасымен «Таншолпан»ЖЖО-ның базасында «Достық» аула клубы өз жұмысын бастады, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».

Аталып өткендей, аула клубының әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған: «Саяхаттау күні», «Нептун күні», «Мультфильмдер күні». Ұйымның педагогтары шығармашылық тұрғыда дамуты, демалту үшін барлық жағдайларды жасауда. Балалар жаңа ұйымда түрлі ойындармен танысып, сурет салуда, мүсіндер жасауда.

Клуб жұмыс істегелі балалар қалалық кітапханаға, қалалық музейге экскурсиямен барған және паркке саяхаттаған. Болашақта олар Балалар шығармашылығы үйіне, музыка мектебіне және қалалық өрт сөндіру бөліміне қонаққа бармақшы.

«Сонымен қатар, бірнеше рет қалалық салауатты өмір салтын насихаттайтын  флешмобқа қатысқан. Жақында ғана олардың қатысуымен «Степногорск есірткіге қарсы» флешмобы өтті», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар