• Басты
  • Жаңалықтар
  • Дәрежелі әскери спортшылар Оңүстік Кореяда өтетін Универсиада – 2015-те Қазақстанның атынан шығады (ФОТО)

Дәрежелі әскери спортшылар Оңүстік Кореяда өтетін Универсиада – 2015-те Қазақстанның атынан шығады (ФОТО)

4 Шілде, 2015 21:03
ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының жеті спортшысы Универсиада – 2015-те Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Олар спорттың екі түрінен таэквондо және дзюдодан тартысқа түседі, деп хабарлады ҚР ҚМ.

Таэквондодан команда құрамында беделді халықаралық сайыстарда елімізді бірнеше мәрте мәшһүр еткен дәрежелі армиялық спортшылар. Ол Қазақстанның чемпионы 2012 жылғы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері кіші сержант Мереке Жүнісова, ҚР және халықаралық турнирлердің чемпионы қатардағы жауынгер Руслан Жапаров, спорт шебері, ҚР чемпионы қатардағы жауынгер Марат Әбдіқалиев, ҚР ҚК қызметкерлері – Лондонда өткен Олимпиада қатысушысы, ҚР чемпионы Нұрсұлтан Мамаев пен спорт шебері, ҚР чемпионы Азамат Теңізбаев. Команда бапкері таэквондодан Қазақстан мен Ресейдің екі дүркін чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы 1995 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері капитан Әнуар Үсенов.

Универсиадада оларға ҚР ҚМ АОСК дарынды дзюдошысы, спорт шебері, дзюдодан Қазақстан мен халықаралық турнирлердің чемпионы қатардағы жауынгер Ғұмар Қырғызбаев серік болады.

Универсиада – 2015 шілденің 6-ы мен 16-ы аралығында оңтүстік кореялық Кванджу қаласында өтетінін айта кетейік. Біздің спортшыларымыз барынша көп медаль және жүлделі орын алуға ниеттеніп отыр.  

Барлық жаңалықтар