• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елорда күні: Астанада Қызылорда облысы нысандарының картасы жаңартылды (ФОТО)

Елорда күні: Астанада Қызылорда облысы нысандарының картасы жаңартылды (ФОТО)

4 Шілде, 2015 10:31
Елордада Астана күні қарсаңында «АТАМЕКЕН» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қызылорда облысы картасының жаңартылған нысандарын таныстырылымы өтті.

Шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы мен Астана қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

«Еліміздің бүкіл табиғи аймақтарымен таныстыратын ашық аспан астындағы бұл мұражайда сырға тұнған Сыр бойының да ең көрікті, киелі, тарихи орындары, атап айтсақ орта ғасырлық Сығанақ қалашығындағы мешіт, Қалжан ахун, Ғанибай мешіттері, Қорқыт ата мемориалды кешені, Солтүстік Арал теңізіндегі «Көкарал»  су көтеру бөгеті, тағы да басқа қайталанбайтын нысандары Астана жұртшылығын, Елордаға келетін шетелдік қонақтарды кең байтақ мемлекетіміздің тарихымен, мәдениетімен бірге таныстырады. Төрткүл дүниенің назарын өзіне қаратып, дәуірлеп тұрған бұл нысан бар қазақтың атамекені, түп қазығы, өткені мен бүгіні десек те болады», - деді облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы.

Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.Есілов «Атамекен» мемориалдық кешеніндегі Қызылорда облысы картасының ашылуымен құттықтап, кешен жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қызылордалық жырау Алмас Алматов жиналған жұртқа жырдан шашу шашты. 

Барлық жаңалықтар