- Басты
- Жаңалықтар
- Елорда күні қарсаңында Қызылорда облысында Мәдениет үйі мен балабақша ашылды (ФОТО)
Елорда күні қарсаңында Қызылорда облысында Мәдениет үйі мен балабақша ашылды (ФОТО)
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде 150 орындық Мәдениет үйі ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл халқына рухани нәр беретін екі қабатты Мәдениет үйі кітапхана, би залы, 150 орындық акт залы, грим жасайтын бөлме, үйірме бөлмелері және киноқондырғы, музыкалық аспаптармен жабдықталған. Енді жаңа мәдени ошақ жастардың бос уақытын тиімді өткізулеріне себеп болмақ.
«Астана күні мерекесі қарсаңында ашылған ауылдық клуб біз үшін үлкен сый болып отыр. Бұрын мәдениет ошағы болғанымен, дәл осындай заманауи үлгіде болған жоқ. Сол үшін қуаныштымыз», - деді ауыл тұрғыны Жанар Ұзақбаева.
Ауылдық клубтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Мәдени шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары елімізде халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жасалынып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, жаңа мәдени орындардың ұлттық өнеріміздің дамуына серпін беретініне сенімін білдірді. Мұнан соң, игілікті іске жиылғандар Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмін тамашалады.
Сондай-ақ, дәл осы күні Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылында 90 орындық «Жауқазын» балабақшасы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысып, мемлекетіміздің тірегі, ұлттың болашағы – балаларымыздың өсіп, оқып, білім алуы, азамат болып, қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.
Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша 56 мектепке дейінгі ұйымда 4 мыңнан астам бала тәбиеленуде, 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 89 пайыз. Биылғы жылдың соңына дейін облыс бойынша бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері