- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Біздің Президент» кітабының тұсаукесері өтті (Фото)
Астанада «Біздің Президент» кітабының тұсаукесері өтті (Фото)
«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аса тығыз байланысты. Елбасының өмір жолы – жастар үшін өсиет. Бүгін жұртшылыққа «Біздің Президент» кітабын таныстырып отырмыз. Бұл жаңа басылымның маңыздылығына тоқталғанда, ең алдымен, тәрбиелік жағын айтуымыз керек. Кітап жас ұрпақты Елбасының теңдессіз үлгі-өнегесі негізінде баулуға мүмкіндік береді», - деді өз сөзінде Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков.
Іс-шараға балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Боқанова, Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Сәбитов, сондай-ақ №15 мектеп-лицей оқушылары мен Елбасы кітапханасы жанындағы «Кемел ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшелері қатысты.
«Мемлекеттік тілде жазылғаны менің бұл кітаппен оқып, танысуыма еш кедергі келтірген жоқ. «Біздің Президент» туындысы жастардың бойындағы қабілеттерін дамытуға және көшбасшылыққа ұмтылуға үндейді», - деді жаңа кітап туралы пікір білдірген «Кемел ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшесі Артем Семиржинский.
Басылым мектептердің орта және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға, ұстаздарға, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған.
Кітапта Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тағылымды тұлғасы туралы ұғынықты тілмен баяндалған. Повесте Нұрсұлтан Назарбаевтың қарапайым ауыл баласынан мемлекет басшысы және әлемдік деңгейдегі саясаткер дәрежесіне дейінгі қиындыққа толы әрі таңғажайып жарқын өмір жолы жөнінде айтылады.
«Біздің Президент» басылымының авторлар тобының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков.
«Біздің Президент» кітабы 30 000 данамен шығарылды және еліміздің барлық аймақтарына таратылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті