• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж.Айтжанова: Қазақстандық телекоммуникация нарығы 2,5 жылдан кейін шетелдік компаниялар үшін ашық болады

Ж.Айтжанова: Қазақстандық телекоммуникация нарығы 2,5 жылдан кейін шетелдік компаниялар үшін ашық болады

3 Шілде, 2015 16:34
Қазақстандық телекоммуникация нарығы 2,5 жылдан кейін шетелдік компаниялар үшін ашық болады, деп мәлімдеді ҚР экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне байланысты өткен дөңгелек үстелде.

«Біздің  заңнамамызда 49%-ға шектеу бар, олар қаларалық және халықаралық тиянақталған байланысты қамтамасыз етеді.  Осы шектеу 2,5 жылдан кейін алынып тасталады, «Қазтелеком» АҚ есептемегенде. Яғни біз халықаралық қауіпсіздік мүддесіне орай «Қазтелеком» АҚ қалдырып отырмыз. Онда шетелдік капитал 49%-дан аспауы керек. Ал, қалған компанияларда 2,5 жыл өткеннен кейін аталмыш шектеуді алып тастаймыз»,- деп мәлімдеді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстанға бұл шетелдік компанияларды отандық нарыққа тартуға мүмкіндік береді. «Олар біздің отандық телекоммуникация нарығының тікелей инвесторлары. Бұл бізге сапаның артуына, телекоммуникация қызметінің құнының арзандауына және түрлерінің артуына септігін тігізеді»,- деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 22 маусымында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы құжаттар топтамасы бекітіліп, ДСҰ-ның Басты кеңесіне ресми түрде қабылдау үшін жіберілді. Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы Хаттама 2015 жылдың 31 қазанына дейін ратификациялануы тиіс. Ресми түрде Қазақстан ДСҰ-ның 162 мүшесі болады.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар