• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шетелдік компаниялар Қазақстанда тек тіркелгеннен кейін ғана бизнеспен айналыса алады - министр

Шетелдік компаниялар Қазақстанда тек тіркелгеннен кейін ғана бизнеспен айналыса алады - министр

3 Шілде, 2015 16:23
Қазақстанға келіп, қызмет көрсететін кез-келген компания Қазақстанның заңды тұлғасы болуы керек, деп хабарлады Экономикалық интеграциялар министрі Жанар Айтжанова Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігін түсіндіруге арналған дөңгелек үстел отырысында.

«Біз Қазақстанға келіп, қызмет көрсететін кез-келген компания Қазақстанның заңды тұлғасы болуы керек деп бекіттік, яғни олар бізде корпорацияланып, салық салу мен сатып алулар барысында қазақстандық заңды тұлғалармен бірдей шартта жұмыс істеулері керек – бұл қатаң талап»,-деді ол.  

Басқаша айтқанда, «кез-келген компания: түріктікі болсын Австриянікі болсын өзі үйінде отырып алып, Қазақстанның аймағында қызмет көрсете алмайды, олар елде компания құрып, заңды тұлға ретінде тіркелулерік керек. Бұдан соң қажет болған жағдайда біздің азаматтарымызды қызметкер ретінде жұмысқа жалдап, өздерінің капиталдары мен технологияларын Қазақстанның экономикасына инвестициялаулары керек. Осындай талаптар құрылыс, энергетика, сауда саласына да қатысты қойылады.  

«Егер біз осындай талаптарды заң жүзінде енгізетін болсақ, «Самұрық-Қазына» қорының сатыпл алуларында қазақстандың қамтудың болына қажетілік болмайды, өйткені біздің елдегі шетелдік компаниялар қазақстандық компаниялар сияқты жұмыс істейді. Яғни оларда бірдей реттеу алаңы болады. Осындай келіссіздер қазір ЕАЭО аясында да жүргізіліп жатыр»,-деп түсіндірді министр.  

Оның сөзінше, біздің әріптес ЕАЭО мүше мемлекеттерден келетін компаниялар да Қазақстанның ДСҰ аясындағы талаптар негізінде жұмыс істеулері керек. «Осының барлығы біздің компанияларымыз «аяқтарынан тұрып» шетелдік  компанияларымен бәсекелесе алуылары үшін жасалып жатыр»,-деді Экономикалық интеграция министрі.      

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар