- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның электрондық үкіметімен 100 миллион қызмет көрсетілді
Қазақстанның электрондық үкіметімен 100 миллион қызмет көрсетілді
Қазақстан азаматтары 2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметтер мен әртүрлі сервистерді электронды түрде ала алады. Бұл өз ретінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Мысалы, егер бұрын мекен жай анықтамасын үшін 3-5 күн күту керек болса, қазіргі кезде ол анықтаманы небәрі 15 минуттың ішінде алуға болады.
Мемлекеттік онлайн қызметтерді электрондық үкімет порталында, egov.kz мобильдік қосымшасында, электрондық үкімет бұрыштарында (Connection Point) және ХҚКО-да орналасқан арнайы терминалдар – қоғамдық қолжеткізу пунктілері арқылы алуға болады. Осы арналар арқылы көрсетілген қызметтер саны 100 миллионға жетті.
«Біз үшін бұл өте жақсы көрсеткіш, ол адамдардың электрондық үкіметке сенетінін дәлелдейді. eGov танымалдылығы жыл сайын артып келеді, 2012 жылы біз 10 млн.-нан, ал 2014 жылы – 35 млн.-нан астам қызмет көрсетсек, биылғы жылдың алты айы бойынша 19 миллионнан артық қызмет көрсеттік», – деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев түсінік берді.
Порталдың ең танымал қызметі болып мекенжай анықтамасын алу табылады. Қызмет іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 48 млн-нан астам рет алынды. Екінші орында жылжымайтын мүлік анықтамалары, ұқсас кезең бойынша 17 млн-нан астам анықтама берілді. Сонымен қатар азаматтар зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды жиі алады(10 млн.-нан астам анықтама).
Естеріңізге салсақ, бүгінгі күні eGov.kz порталында азаматтардың әртүрлі санаты мен бизнес өкілдеріне арналған 215 қызмет пен сервис қолжетімді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды