Астанада «Қазақ хандары» кітабы таныстырылды

3 Шілде, 2015 15:51
Астанада академик, тарих ғылымдарының доктары Берекет Кәрібаевтың «Қазақ хандары» атты жаңа тарихи-танымдық кітабы таныстырылды.

Кітап Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жарық көрген. Автор бұл еңбегі  үшін 20 жыл уақытын сарп еткен.  

«Менің Қасым-хан туралы алғашқы мақалам 1995 жылы «Егемен Қазақстан газетінде басылып шықты. Ол кезде мақалам 15 беттен тұратын. Кейін маған осы жұмысты жалғастыру ұсынылды. Сөйтіп, Жәнібек, Керей, Бұрындық, Мамаш, Тахир, Буйдаш, Ахмет, Тоғым хандар туралы жазды. 2000 жылы Аруна баспасы ұсыныс жасап,алғашында  Керей, Жәнібек, ұрындық,Қасым, Хақназар, Тәуке –қазақь хандары туралы жай брошура жазып шықтым», - деді сөз басында Б.Кәрібаев.

«Бұрын-соңды оқулықтар, басқа да зерттеулерден қазақ хандары туралы белгiлi, бiрақ олар жүйелi түрде толық түрде зерттелмеген едi. Қазақта хан көп, бiр орталықтан басқарылатын қазақ мемлекетiнiң және бытыраңқылыққа ұшырағаннан кейiнгi қазақ хандығының хандары,ал он тоғызыншы ғасырдан бастап әр тайпаның, әр рудың өз хандары болған. Санай  берсек, қазақ хандарының саны жүзден асып кетедi. Ал «Қазақ хандары» кiтапқабiртұтас қазақ мемлекетi, қазақ хандығының билiгiнде болған 17 хан арқау болды»,- деді автор.

Оның айтуынша,  «Қазақ хандары» кітабының басты ерекшелігі олүш тілде жарық көрді: қазақ, орыс, ағылшын.

«Жалпы бұл  кітапты жазуды бастағанда материалдарым толық болатын, бастысы оны аяқтау еді. Маған «Сардар» баспа үйінің директоры ұсыныс жасады, ол Қазақ хандары туралы ғалымдар үшінемес, қарапайым оқырман үшін кітап жазып шығуды ұсынды. Мен бірден оны қолға алып, бір айда жазып бітірдім. Шынымды айтсам кітабым үлкен қызығушылық  тудырады деп ойлаған емеспін. Бүгінде кітапты қытай, польша тілдеріне аудару  туралы ұсыныстар келіп түсуде», - деп жағастырды ол.

«Бұл кітап барыншы толықтырылған, мұнда қай ханнан кейінкім басқарғаны бірден түсінікті болуы үшін билікте бірінен кейін кім болса сол  тәртіпте жазылды. Өкінішке орай кейбір хандарымыз туралы ақпараттар тым азболатын, мен өз туындымда осы олқылықтардың орнын толтырдым», - деп түйді жазушы.

Айта кетерлік жайт, кітаптың дизайны да ерекше. Басылымды қолға алған сәттен бастап оның тарихтан, оның ішінде орта  ғасыр турихынан сыршертетіні көзге ұрып тұрады. Кітапты әрлеу жұмыстарына бас-аяғы 15-ке жуықсуретші қатыстырылды. Кітаптың жалпы тиражы 7 мың дананы құрады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар