• Басты
  • Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің алғашқы комиссары тағайындалды
3 Шілде, 2015 19:33

Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің алғашқы комиссары тағайындалды

Қатысушы елдер Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі секциясының комиссарларын тағайындай бастады, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің алғашқы комиссары тағайындалды

Сапар аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б. Сағынтаевпен, Астана қаласы әкімі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ә. Жақсыбековпен және ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 Комиссары Р.Жошыбаевпен екіжақты кездесулер өтті.

Сапар кезінде Франция Республикасының Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу мәселесі, атап айтқанда, Франция павильонын орналастырудың техникалық мәселелері, құрылыс жұмыстарының мерзімдері, көрме экспонаттарын әкелу бойынша жұмыстардың басталуы, қатысу туралы келісім-шартты жасасу секілді тағы да басқа мәселелер талқыланды.

Франция Республикасы секциясының комиссары Франция Президенті Ф.Олланд атынан бірінші комиссарды тағайындау туралы ресми нотаны табыстап, Қазақстанмен ары қарайғы стратегиялық ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді. Астана қаласы әкімі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ә. Жақсыбеков француздық делегацияға және комиссарға олардың көтерген бастамасы үшін алғысын білдіріп, ынтымақтастық жемісті болады деген сенімін білдірді.

Франция Республикасы секция комиссарын тағайындаған бірінші ел болып отырғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, бұл сапар ЭКСПО-2017 көрмесі тарихындағы секция комиссарының тұңғыш сапары болып отыр. Осыған байланысты Франция тарапына павильонның орналасатын жерін бірінші болып таңдауға мүмкіндік берілетін болады.

Сапар қорытындысы бойынша П.Лоро 2015 жылдың қарашасында Астанада өтетін Халықаралық қатысушылардың екінші жиналысына қатысуға шақырылды.

Франция тарапы көрме кешені аумағында салынайын деп отырған инновациялық нысандарға жоғарғы бағасын беріп, көрмені өткізу елдегі «жасыл» технологиялардың дамуына оң ықпалын береді деген үмітін білдірді.

«Біз барлық мәселелерде Қазақстанды қолдаймыз. 2017 жылғы көрмені қабылдайтын қаланы және Олимпиаданы өткізетін елді таңдау кезінде біз дауысымызды Қазақстанға бердік. Францияның көрмеге қатысуы біздің елдер арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі күшейтпек».

Сондай-ақ, кездесу қорытындысы бойынша қатысу туралы келісім-шартқа қол қою және ынтымақтастықты бекіту мақсатында 2015 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Францияға сапары күтілуде. Сапар кезінде Франция Республикасы павильонының орналастырылуы және контентпен толтырылуы мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды