• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО мен Қытайдың сыртқы тауар айналымы 2015 жылдың 4 айында 169,9 млн долларды құрады (Фото)

ШҚО мен Қытайдың сыртқы тауар айналымы 2015 жылдың 4 айында 169,9 млн долларды құрады (Фото)

3 Шілде, 2015 19:18
ШҚО және ҚХР кәсіпкерлері іскерлік кездесу барысында бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Аталған кездесу барысында, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту және инвестиция тарту мақсатында 4 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Өскемен қаласына ҚР-дағы ҚХР-ның Бас елшісі Чжан Вэйдің басшылығымен Қытай және Қазақстан арасында экономикалық қарым-қатынасты нығайту мақсатында  80-нен астам делегация өкілдері келді.

«Бүгін бірлескен кәсіпорындар құру бойынша, бірқатар сұрақтарды қарастырып өттік. Соның ішінде, туристік бизнесті және мал шаруашылығын дамыту жобаларына ерекше көңіл бөлінуде. Шілде айының соңына дейін облысқа мамандар тобы келіп, алдағы жұмыс жоспарын құрады. Біздің іскерлік әріптестігіміз жоғарғы көрсеткіштерге алып келеді деген сенімдемін», – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданының кәсіпкерлері Тарбағатай және Алтай аумағының басшыларына облыстың инвестициялық, соның ішінде: өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылым, энергетика және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар көрсетілді. Сонымен қатар, делегация өкілдері ШҚО-дағы туризм, ауыл щаруашылығы, энергетика саласындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Кездесу соңында сауда-инвестициялық байланысты нығайту мақсатында, ШҚО және ҚХР кәсіпкерлері 4 меморандумға қол қойды. Оның ішінде Аягөз ауданында жылына 100 мың бас қой өсіретін мал шаруашылығы кешенін құру сынды экономикалық және қаржылық қолайлылық тудыратын жобалар кіреді.

Сонымен қатар, Үржар ауданының Бахты ауылында   құны 2 млрд 420 млн теңге құрайтын ұн комбинатын салу және ШҚО-да туризмді дамытып, «НИМЭКС-Текстиль» ЖШС іске қосу бойынша инвестиция тарту жұмысы аталған жобалардың ішіне кіреді.

 2015 жылы 4 айда ҚХР және ШҚО арасындағы ішкі өнім айналымының құны 169,9 млн доллар құрап отыр. Сауда құрылымында ҚХР-на әсіресе мырыш, қорғасын, өңделмеген алюминий, мыс өндірістері экспортқа шығарылуда.

Ал Қытай Республикасынан пневматикалық шиналар, жабдықталған жүк көліктері, минералды және химиялық тыңайтқыштар көліктер, өндірістік құрылғылар, киімдер және техникалық бағыттағы керамикалық бұйымдар әкелінеді

 

 

Барлық жаңалықтар