Астана күні: Астанада «Нұр Отан» партиясына 12 жаңа мүше қосылды

3 Шілде, 2015 14:32
ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде Астана күніне орай «Нұр Отан» партиясының құрамына мүшелерді қабылдау дәстүрлі салтанатты өтті. Партияның жаңа 12 мүшесіне билеттерді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тапсырды.

«Бізді партиямызға мүше болуға ниет білдірушілер санының жыл сайын артып келе жатқандығын қуантады. Мен бұның Нұрсұлтан Назарбаев сияқты Көшбасшысы бар белді партияның атқарып жатқан істеріне үлес қосуға деген ниеттің көрінісі деп білемін»,-деді Б.Байбек.   

Партия төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, саяси ұйымның мақсаты мемлекеттік бағыттың орындалуын, тұрақтылық мен бірліктің келісімнің орнығуын қамтамасыз ету, осы қарапайым ғана ұғымдарсыз елдің болашақ дамуын болдыру мүмкін емес.  

Партия құрамына ҚР ПРезиденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры  Зинаида Федотова, «Жамбыл электр желілері» ЖШС-ның Бас директоры Әлихан Жарболов,   «Kazakhstan Computer Graphics» Бас директоры Эрнар Курмашев, «Жасыл ел» жастардың еңбек отряды республикалық штабының жетекшісі Рахат Хамидулин,  «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Қурманбек Қазанбасов, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Аблуалиев, Қостанай «ТОРО» компаниясының директоры Майль Тороян, Ақтөбе облысының «Өсербай» шаруа қожалығының басшысы Лариса Ю, Оралдық «Зенит» зауытының инженер-конструкторы Дәурен Оқасов, режиссер және актер Қайрат Нұртас Максим Акбаров, страдалық әншілер Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова.

Сонымен қатар, бүгін Қазақстанның барлы өңірлерінде 1258 адам жаңа үлгідегі партия билеттерін алад, бүгінгі таңда партияның құрамында 860 мыңнан астам мүше бар.      

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар