ШҚО-да көп тіл меңгерген жастар арасында байқау өтті

20 Қазан, 2013 11:03
ШҚО-да қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген жастар арасында ең үздік полиглотты анықтау мақсатында байқау өткізілді, деп хабарлайды Ақпараттық орталық.

«Жас талапкерлер «Тіл дарын-2013» олимпиадасында  бақ сынасты. Үміткерлер 3 кезең бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Әр кезең бойынша қатысушылар мәтіннің мағынасын түсіндіру, ой толғау жазу және мәтінге синхронды аударма жасау арқылы сыналды», - делінген хабарламада.

Қазылар алқасы сауатты жазу, жауаптың толықтығы мен тіл байлығы бойынша бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені Өскеменнің студенті Динара Кузарханова ұтып алды.

Айта кету керек, бәйге жеңімпаздары ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар