Сенат бірқатар заң жобаларын қарады

3 Шілде, 2015 15:02
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында бірқатар заң жобалары қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады.

Заң жобасы кейбір заңнамалық актілерді Азаматтық процестік кодексінің жобасына сәйкес келтіру қажеттігіне байланысты әзірленді.

Заң жобасын талқылау барысында комитеттердің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, Мәжіліс мақұлдаған Кодекс жобасына төмендегі негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Азаматтық кодекстің 22-бабының 1-тармағы Кодекс жобасының 35 тарауына сәйкестендіріледі, ол бойынша он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмағандардың өз кірістерін дербес пайдалану құқықтарын шектеу немесе айыру туралы өтініштер жөніндегі азаматтық істер қамқорлық жасау және күту органдарында емес, соттарда қаралып, шешіледі.

Кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодекске қайтарылған мемлекеттік баждың сараланған көлемі белгіленді, сондай-ақ сот бұйрығы күшін тоқтатқан жағдайда өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж қайтарылмайтыны туралы ереже белгіленді.

Барлық жаңалықтар