Сенат екінші оқылымда Азаматтық процесстік кодекс жобасын қарады

3 Шілде, 2015 15:48
Заң жобасы кейбір заңнамалық актілерді Азаматтық процестік кодексінің жобасына сәйкес келтіру қажеттігіне байланысты әзірленді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасын талқылау барысында комитеттердің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, Мәжіліс мақұлдаған Кодекс жобасына төмендегі негізгі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Азаматтық кодекстің 22-бабының 1-тармағы Кодекс жобасының 35 тарауына сәйкестендіріледі, ол бойынша он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмағандардың өз кірістерін дербес пайдалану құқықтарын шектеу немесе айыру туралы өтініштер жөніндегі азаматтық істер қамқорлық жасау және күту органдарында емес, соттарда қаралып, шешіледі.

Кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодекске қайтарылған мемлекеттік баждың сараланған көлемі белгіленді, сондай-ақ сот бұйрығы күшін тоқтатқан жағдайда өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж қайтарылмайтыны туралы ереже белгіленді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің ережелері еріксіз түрде емдеуге жіберу туралы материалдарды сотта қаралу мерзімін нақтылау, сондай-ақ субъектінің жатып емделу мерзімін ұзарту туралы өтініш беру жөніндегі бөлігі кодекс жобасымен сәйкестендіріледі.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға электронды сот өндірісін жүргізу барысында сотқа қажетті құжаттарды беру рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіледі.

Сонымен қатар кодекс жобасымен Жер кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодекстерге, сондай-ақ заң техникасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер енгізіледі.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар