- Басты
- Жаңалықтар
- Қырғызстандағы сауда миссиясында 60-тан астам қазақстандық кәсіпкер 15 млн долларға келісім жасады
Қырғызстандағы сауда миссиясында 60-тан астам қазақстандық кәсіпкер 15 млн долларға келісім жасады
Машинақұрылысы, химия, құрылыс, фармацевтика, тағам салаларындағы 25 кәсіпорны өкілдері Қырғызстанның көтерме сауда жасаушылармен және дистрибьюторлық компанияларымен осы елге тауар тасымалдау бойынша келіссөздер жүргізді. Осы шара барысында келіссөздерде көтерілген сала түрлері бойынша 5 млн АҚШ долларына алдын ала келісім жасалды. Қазіргі таңда медициналық бағыттағы және жылуизоляциялық бұйымдарды тасымалдау жөнінде құны 1,2 млн доллар болатын келісім жасалды.
«Қырғызстанға жасалған сауда миссиясы барысында ірі фармацевтикалық компаниялармен келісім жасалып, қазіргі таңда 1 миллионнан астам долларға келісімшартқа отыру жұмыстары жасалуда. Біз тіркеу жұмыстары жеделдетіп, тиісті құжаттарды алуға қол жеткіздік. Біздің зауыттың ендігі жоспары онкологиялық аруларға арналған дәрі-дәрмектерді шағаратын үшінші желіні іске қосып, зауыт қызметін кеңейтіп, жаңғырту болып отыр. Осындай шаралардың арқасында біздің экспортымыздың таралу ауқымы кеңейіп отыр. Біздің дәрі-дәрмектеріміз қазір Ресей, Армения, Тәжікстан елдерінде де тіркелу үстінде»,-деді инфузиондық қоспалар өндіруші «KELUN-KAZPHARM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Рүстембек Күшербаев.
Шара барысында сонымен қатар, Қырғыстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдерімен қазақстандық тауарларды тіркеу мен қазақстандық компаниялардың Қырғызстанның мемлекеттік сатып алуларына қатысу бойынша кездесу өтті. Дәрі-дәрмектерді тіркеу мәселесі шешілді, Бішкек әкімшілігі қазақстандық өнімдерді тасымалдау бойынша тиісті органдарға тапрсырма берді. Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруашылықтар үшін минералды тыңайтқыштарды сатып алатын болды. Бұл «KAZNEX INVEST» компаниясы тарапынан Бішкекте ұйымдастырылп оытрған төртінші шара. Осыған дейінгі қазақстандық 60 кәсіпкер қатысқан шарда 15 млн долларға келісім жасалды.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағытауар айналымы 2014 жылы 1 056,3 млн долларды құрады. Алдындағы жылғымен салыстырғанда өсім 4,2 пайызды құрады. Қазақстан Қырғызстанның Ресей мен Қытайдан кейінгі үшінші сауда әріптесі. Биыл агенттік өкілдері осындай миссияларды Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран мемлекеттерінде де ұйымдастырмақ.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары