• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісмендер мүгедектердің құқығын қорғау заңнамасына енген өзгертулерді талқылайды

Мәжілісмендер мүгедектердің құқығын қорғау заңнамасына енген өзгертулерді талқылайды

3 Шілде, 2015 12:36
Мәжілісмендер мүгедектердің құқығын қорғау мәселесі бойынша енген заңнамалық өзгертулер жобасын талқылайды, бұл туралы Қ.Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында белгілі болды.

Сондай-ақ, Палата бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарайды. Олар: ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы және Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау.

Осы күні мәжілісмендер экологиялық мәселелер бойынша түзетулерге қатысты және Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы  америкааралық конвенцияны ратификациялауға байланысты жаңа заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ. 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар