Павлодар-Шымкент мұнай құбырының 19 км учаскесін қайта құру аяқталды

3 Шілде, 2015 16:19
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар-Шымкен магистральдық мұнай құбырының 19 километрдегі Барсеңгір-Атасу учаскесінің қайта құрылуы ақталды, деп хабарлады ұлттық компания.

Павлодар-Шымкент магистральдық мұнай құбырының қайта құрылу жобасы құбырдың Б. Жұмағалиев атындағы бас мұнай айдау стансасы-Барсеңгір мұнай айдау стансасы – Атасу БМАС учаскеде 20 млн тоннаға дейінгі көлемде құбырдың кері бағыттағы өткізгіштік қабілеттігін арттыру үшін жүзеге асырылып отыр.

Берілген жұмыстар «Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салудың екінші кезеңнің екінші кезегі. Қуаттылығын жылына 20 миллион тоннаға дейін арттыру» ірі халықаралық жоба аясында жүзеге асырылып отыр.

Қайта құру шеңберінде Павлодар-Шымкент ММҚ-ң Барсеңгір-Атасу учаскесінің 19 км-лік кесіндіснің монтажы өткізілді, мұнай құбырларын тазарту мен диагностика жүргізу құралдарын қабылдау камералары орнатылды.

Жұмыстарға жұмсалған қаражат сомасы 4,1 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне 2015 жылдың 29 маусымында қол қойылған болатын.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар