- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан Барысы» бәсекесін әлемде 500 млн-нан астам адам тамашалайды
«Қазақстан Барысы» бәсекесін әлемде 500 млн-нан астам адам тамашалайды
«Менің айтайын дегенім, соңғы 5 жылда біздің жобамыз өте танымал болды және тек біздің елімізде ғана емес. Осы жарысты көрсететін ұлттық телеарналардан бөлек біздің жобамыз Ресей, Түркия мемлекеттерінде де үлкен ықыласқа ие»,-деді А.Шораев.
Оның сөзінше, «Қазақстан Барысы» турнирінің жалпы көлемі бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан асады.
«Қазіргі таңда бізді елдегі ең үлкен телеарналардың бірі «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары таратады. Рейтингтерге сүйене отырып, мен 5-7 сағат көлемінде бізді 5-6 млн адам тек Қазақстан бойынша ғана көреді дей аламын. Бұл айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Бұған қоса әлемнің 37 мемлекетіне тарайтын «Боец» телеарнасы арқылы тағы 250 миллион адам тамашалайды деп ойламйын. Сондай-ақ Еуропа, Азия, Оңтүстік Африка мемлекеттеріне хабар тарататын түріктердің «TRT-Avas» арнасы бары. Осы арнаның арқасында біз тағы 80-ге жуық мемлекетке тараймыз. Нәтижесінде біздің әлем бойынша жарты миллиардқа жуық халық тамашалайды. Меніңше, шамамен бір 5 жылдан соң біз жапондықтардың сумо спорты сияқты танымал боламыз деген ойдамын»,-деді қамқорлық кеңесінің төрағасы.
ҚР Президенті Н.Назарбаев сыйлығының «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі 4-шілде күні Астанада «Сарыарқа» велотрегінде өтеді және онда жеңімпаз бен чемпиондық белбеу мен «Тайтұяқ» иегері анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, ірікте жарыстарының 3 кезеңі бойынша Қазақстан бойынша, 32 балуан жарыстың мәресіне жетті. Сыйлық қоры 250 мың АҚШ доллары болады. Оның 150 мың долларын жеңімпаз алады. Күміс жүлдегерге – 30 мың, үшінші орынға - 10 мың беріледі. Тағы 35 мың бапкерлер мен спортшыларға арналады.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары