• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында 1,8 млрд теңгеге 469 ауыл шаруашылығы жобасын қаржыландыру жоспарлануда

Ақмола облысында 1,8 млрд теңгеге 469 ауыл шаруашылығы жобасын қаржыландыру жоспарлануда

4 Шілде, 2015 18:02
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола облысында 1,8 млрд теңгеге 469 ауыл шаруашылығы жобасын қаржыландыруды жоспарлауда,деп мәлімдеді қордың баспасөз қызметі.

Қор басшысы Н. Сарыбаевтың аймақ кәсіпкерлерімен кзедесуі барысында сүт мал шаруашылығын дамыту және отбасылық типтегі СТФ құру бойынша  фермаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Аталып өткендей, Ақмола облысындағы Қор  филиалының  несиелік қоржынына жалпы сомасы 3,8 млрд теңгені құраған 1641 жоба кіреді. «Ырыс» бағдарламасы бойынша жалпы құны 44,4 млн теңге болатын 2 жоба жүзеге асырылуда.Сүтті қабылдау пунктерін несиелеу бағдарламасы бойынша 20,7 млн теңгеге  3 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жергілікті халық «ЖҚЖК-2020», «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы», «Егінжай»,«Кәсіпкер» және өзгеде бағдарламаларға белсенді қатысуда.

Қор басшысы атап өткендей, 2014 жылы Ақмола облысы Астанақаласында компанияның филиалы ашылды.

Барлық жаңалықтар