• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сапарбаев Маңғыстау облысында әлеуметтік саланы дамыту мәселелері бойынша жиналыс өткізеді

Б.Сапарбаев Маңғыстау облысында әлеуметтік саланы дамыту мәселелері бойынша жиналыс өткізеді

3 Шілде, 2015 11:02
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жоспарланып отырғандай,  вице-премьер «Өзенмұнайгаз» АҚ жерасты құралдарын жөндеу цехының және Жаңаөзен қаласындағы суды тазарту станциясының еңбекші ұжымдарымен  кездеседі.

Сонымен қатар, Б.Сапарбаев 2014 жылы іске қосылған перзентхананың тіршілігімен танысатын болады. Сапар аясында облыс және қала басшылары Жаңаөзен қаласын дамыту кешенді жоспары мен моноқалаларды дамыту бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып береді.

Бұдан басқа,  Бердібек Сапарбаев құрылысы жүріп жатқан екі нысанмен танысады  спорт сарайы және Назарбаев зияткерлік мектебі.

Аталып өткендей, Маңғыстау облысында 2015 жылы әлеуметтік саланы дамыту мақсатында 10,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 4,7 млрд республикалық бюджеттен болса, 5,7 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылды.

Барлық жаңалықтар