• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл басынан бері Қостанай облысының ауыл шаруашылығы құрылымдары 508 дана шаруашылық техникасын сатып алды

Жыл басынан бері Қостанай облысының ауыл шаруашылығы құрылымдары 508 дана шаруашылық техникасын сатып алды

3 Шілде, 2015 11:34
Дала күнін атап өту аясында Қостанайда ауыл шаруашылығы техникаларының халықаралық көрмесі ұйымдастырылып, онда 70-тен астам техника мен құрылғылар ұсынылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Дала күні меркесіне техника шығаратын зауыттар мен Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары,  Ресейдің Челябинскі, Свердловск, Белгародск, Ярославль облыстары, сондай-ақ Санкт-Петербург, Мәскеу қалалары,  бұған қоса тағы Сербия мен Татарстан Республикаларының дилерлері қатысты.

Көрмеге 70-тен астам техника мен құрылғылар қойылып, олардың таныстырылымы өтті. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер азық дайындау, жиын-терін жұмыстарына белсенді араласу мәселелері талқылады.

Облыс әкімінің орынбасары Б.Жақыповтың сөзінше, 2011 жылдан бастап, облыстың ауыл шаруашылығы қызметкерлері 4,3 мың дана шаруашылық техникаларын, соның ішінде 1 мың 9 трактор, 1 мың 54 комбайн, 128 дән себетін кешендер мен өзге де 2,1 мың техника алды. Олардың құны 45,6 млрд теңгені құрады. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде трактор паркі 4 пайызға, комбайн паркі 9 пайызға, дән сепкіш кешен 22 пайызға жаңарды.    

«Биылғы жылдың 5 айында ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 508 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынды»,-делінген хабарламада.  

Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов аграрлық сала қызметкерлеріне жермен жұмысқа жүйелі көзқарас қажеттігін, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңартылып тұруы, ауылдағы кадрлармен жұмысқа жіті көңіл бөлу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ол аймақта данді дақылдарды кептіретін кешендердің жетіспейтіндігін ескертті.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Барлық жаңалықтар