- Басты
- Жаңалықтар
- Бес елдің барлау топтары «Алтын үкі – 2015» сайысының ең күрделі белсенді фазасына көшті (Фото)
Бес елдің барлау топтары «Алтын үкі – 2015» сайысының ең күрделі белсенді фазасына көшті (Фото)
Бұл барлық жарыстың ең күрделі кезеңдерінің бірі. Оның шарықтау шегі әр жауынгердің жеке жауынгерлік даярлығы мен жалпы топтардың командалық жұмысын тексереді. Жауынгерлер 43 жерүсті, су және таулы кедергілерден тұратын барлаушы соқпағын өтуден сайысқа түсті.
Оны өту арнайы іс-шаралар (шартты қарсыластың артқы жағына бөлімшенің десанттауы, жауынгерлік тапсырмаларды орындау) кешенін қамтиды. Мұндағы ең күрделі элементтердің бірі 25 метрлік «қолмен асылып жүру», су кедергісі және миналық алаңнан өту болып табылады.
Белсенді фазада сайысқа қатысушыларға қойылған тапсырмалар алдыңғы тапсырмаларға қарағанда күрделірек болғанымен әр команда жақсы нәтиже көрсетті. Қазақстан, Қытай және Белоруссиядан жиналған топтар айрықша көзге түсті. Ертең 10 шақырымдық жүгірудің соңғы кезеңі өтеді. Қатысушыларды қайықтарда су кедергілерін бұзып өту, команда құрамында көліктік құралды сүйреу және алмаса отырып оқ ату күтіп тұр.
«Алты үкі – 2015» арнайы мақсаттағы барлау топтарының ауқымды халықаралық жарысы биылғы жылы сегізінші мәрте өтіп жатқанын еске сала кетейік. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай және АҚШ Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қатысады. Біздің әскери қызметшілердің мол тәжірибесі бар және кез келген сәтте барлық кезеңдерді сенімді түрде еңсере отырып, жоғары жауынгерлік әзірлікті көрсетеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген