ШҚО-да Астана күніне арнап байқаулар мен флеш-моб өткізілді (ФОТО)

3 Шілде, 2015 10:13
Астананың туған күніне орай А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың оқырмандары флеш-моб және байқаулар мен «Нappy birthday ойындарын ұйымдастырып, өлең оқып, ән айтты.

Ақпарат орталығының хабарлауынша, іс-шараға «Қазына» достық үйінің ансамблі концерт ұйымдастырып, онда жиналған әскери азаматтар мен кітапхананың жас оқырмандары өнерлерін ортаға салды.

Шараға келген қонақтар кітапханада осы күнге арнайы ұйымдастырылған арнайы тақырыптық көрмені тамашалап, кітапхана қызметкерлері онда жиналғандарға елорданың ең көрікті жерлері мен оның ерекшеліктері, тарихы және онымен байланысты үлкен айтулы оқиғалар туралы баяндады. Соның ішінде жас оқырмандарға әсіресе, «Бәйтерекпен» байланысты аңыз ерекше ұнады.  

Мереке барысында оған қатысушылар дойбы, шахмат ойнап жарысып, Астана бейнесіндегі суреттерді құрастырды, қолөнер шеберлігі бойынша да бәсекеге түсті.  

Кітапханада әскери азаматтар да болып, олар үшін Астана күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Әскерилер үшін кітапханада серуен ұйымдастырылып, кітапхананың қызметімен ерекшеліктерімен жақын танысты.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар