Бірқатар елдерде Қазақстан елшілері тағайындалды

3 Шілде, 2015 08:37
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар елдерде Қазақстанның елшілері тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. 

Барлық жаңалықтар