• Басты
  • Жаңалықтар
  • Италиялық компаниялар Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту ісіне қатысатын болады

Италиялық компаниялар Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту ісіне қатысатын болады

3 Шілде, 2015 09:26
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Стефано Раваньянмен кездесті. Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму саласының перспективті бағыттарын талқыға салды.

Кездесу барысында сонымен қатар, италияндық компаниялардың Қазақстанның денсаулық сақтау саласына инвестициялар мен инновацияларды тарту мен осы сала бойынша мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту ісіне қатысу мәселесі сөз болды.  

Келіссөздер қорытындысы бойынша, италияндық компаниялардың Қазақстанның фармацевтика саласын дамытуға қатысу мүмкіндіктерін қарастыру жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді.  

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық Қазақстан мен Италия арасында 2009 жылдың 5-қарашасында Римде қол қойылған стратегиялық әріптестік жөніндегі келісім негізінде жүзеге асырылуда.  

  

Барлық жаңалықтар