• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бірқатар қазақстандық компаниялар өз өнімдеріне бірыңғай белгі салу туралы меморандумдарға қол қойды

Бірқатар қазақстандық компаниялар өз өнімдеріне бірыңғай белгі салу туралы меморандумдарға қол қойды

2 Шілде, 2015 18:54
«Қазақстанда жасалған» көрмесінде «NADLoC» Ұлттық жергілікті қамтуды дамыту агенттігі» АҚ мен отандық өнім өндірушілер арасында өндірілген өнімге бірыңғай белгі-логотип салуға қатысты және ынтымақтастық жөнінде 20-дан астам меморандумдарға қол қойылды.

«ҚР Президентінің бастамасымен «Қазақстандық өнімді ал – қазақстандық өнімді жаса» акциясы жүзеге асырылуда. Осының аясында бірыңғай «Қазақстанда жасалған» логотипі жасалған болатын. Қазіргі таңда қазақстандық тауарларды жергілікті тұрғындардың арасында насихаттау мақсатында 20-дан астам меморандумдарға қол қойылды. Аталған белгі дайын өнімге белгіленеді, яғни бұл жақсы насихат. Бұл қазақстандық тауардың танымалдылығын арттырады»,-деді «NADLoC» Ұлттық жергілікті қамтуды дамыту агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Бектұргенов.    

Шар барысында «NADLoC» Ұлттық жергілікті қамтуды дамыту агенттігі» АҚ мен «ҚазТехЭлектроника» компаниясы мен американдық «Avaya» компанияларының арасында Қазақстандағы телекоммуникация саласын дамыту жөнінде үшжақты меморандумға қол қойылды. Тараптар Астана мен Жезқазған қалаларында телефон стансалары мен телефон аппаратарын шығару ісін жолға қоймақшы.

«Алғашында жергілікті қамту деңгейін 30 пайызға жеткізу көзделіп отыр, біріншіден бұл жергілікті инженерлерді тарту, арнайы бағдарламалық қамтамасыз ет жұмыстарына Қазақстандікіне жақындату»,-деді Басқарма төрағасы.  

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар