• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Индустрияландыру – Қазақстанның бүкіл экономикалық саясатының діңгегі

Н. Назарбаев: Индустрияландыру – Қазақстанның бүкіл экономикалық саясатының діңгегі

2 Шілде, 2015 18:44
Индустрияландыру – елдің бүкіл экономикалық саясатының діңгегі іспеттес, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Индустрияландыру күніне байланысты өткен телекөпір барысында.

«Индустрияландыру – елдің бүкі экономикалық саясатының діңгегі іспеттес. Біз сіздермен өнеркәсіптік секторларды айқындадық. Олар: тағам өнімдері, құрылыс материалдары және машинақұрылысы, осы салаларда сыртқы нарықтарға шағарып, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге болатын, сөйтіп отандық бизнесті ілгерілететін әлеует бар»,-деді Елбасы.

Президент «Бәйтерек» холдингіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Ұлттық чемпиондар» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. «Мен әзірге бұл чемпиондарды байқамай тұрмын. Маған осындай 32 жоба бар деп мәлімет берді. Бастапқыда бірден 32 чемпион болуы мүмкін емес. Чемпион тек біреу ғана болады. Маған сол чемпионды көрсетіңіздер, ал қалғандары соның соңынан ерсін»,-деді Н.Назарбаев.

Елбасы Қазақстанның қандай да бір тауар түрімен ерекшеленіп, әлемдік деңгейде өзгелерден оқ бойы озып шығуы керек екендігін айтты. «Мысалы, Францияның қандай әтірлер шығаратынын бәрі біледі. Бүкіл әлем жапондықтардың шикі балығын жейді. Нидерландыны біз эйрбастар мен бойнгтары арқылы білеміз. Неге бізге осындай мүмкіндіктерді байқап көрмеске»,-деді Мемлекет басшысы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар