- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар сот жүйесін жетілдіруге бағытталған конституциялық заңдарды қабылдады
Сенаторлар сот жүйесін жетілдіруге бағытталған конституциялық заңдарды қабылдады
Палата Қазақстан мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялады. Келісімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгеннен өзге қағидаларды белгілейтін бірқатар ережелер қамтылған. Келісімнің 12-бабында екінші Тарап инвестордың инвестицияларын экспроприациялаған және мемлекет меншігіне айналдырған кезде оған өтемақы төленетіні көзделеді, бұл кідіріссіз төленуге және төлем мерзіміне дейінгі уақыт кезеңі ескеріле отырып, әділ нарықтық мөлшерлеме бойынша пайызды қамтуға тиіс. Бұл заң бойынша сенаторлар Г.Ким, С.Плотников, С.Жақсыбеков, А.Күзеков, Б.Еламанов өз ойларын ортаға салды.
Детутаттар Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны да ратификациялады. Құжатты ратификациялау Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің сот және басқа мемлекеттік органдарының тиімді өзара іс-қимылын қалыптастырады, сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды табыс етуді оңайлатады және мерзімін қысқартады. Бұл мәселе бойынша сенаторлар С.Ақылбай мен В.Бобров сөз сөйледі.
Палата «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңды қабылдады. Сенаторлар Б.Бекназаров пен Л.Полторабатько бұл құжаттың маңызды екенін атап өте келіп, әріптестерін құжатты қолдауға шақырды. Түзетулер судьяларды зейнетақымен қамсыздандыру институтын қайта ұйымдастыру арқылы отставкадағы судьяларға өмір бойы ай сайынғы қамтылым төлеуді енгізуді көздейді. Кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы судьяларға өмір бойы төленетін қамтылымды көздейтін норма бекітілді. Осы төлемдерге салық салынбайды, сондай-ақ бұл судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде ай сайын жүзеге асырылатын болады, алайда судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының алпыс бес пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз тоғыз еселенген мөлшеріненаспауға тиіс. Бұл ретте республикалық бюджет есебінен судьяларға төленетін қосымша міндетті зейнетақы жарналары алып тасталады. Конституциялық заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сенаторлар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Бұл құжатпен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңдарға Азаматтық процестік кодекс жобасының ережелерімен сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізу көзделіп отыр. Кодекс жобасымен азаматтардың сайлау құқықтарына қатысты сот актілеріне шағымдану институты енгізілетінен ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына осындай істер бойынша бірінші сатыдағы соттар шешімдерінің түпкілікті екені туралы ережені алып тастайтын түзету енгізіледі.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының барлық шешімдері мен әрекетін (әрекетсіздігін) даулау туралы істерге жатқызу арқылы Жоғарғы Сотта қаралатын істердің санаттары ұлғаятын болды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңындағы төрт баптан қайталанатын ережелер алынып тасталады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңға Жоғарғы Сотта арнайы мамандандырылған сот алқасын құруды көздейтін, сондай-ақ «Мемлекет құрылысындағы 100 нақты қадам» мемлекеттің бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарын орындауға арналған түзету енгізіледі. Атап айтқанда, Конституциялық заң жобасымен азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуді оңайлату үшін сот жүйесін оңтайландыру мақсатында сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш деңгейлі (бірінші, аппелляциялық және кассациялық) жүйеге көшуге қатысты түзетулер енгізіледі. Жоғарғы Сотта жаңа консультативтік орган – халықаралық кеңес құру көзделіп отыр. Бұл мәселе бойынша сенаторлар В.Бобров, Л.Полторабатько және Д.Құсдәулетовсөз сөйледі.
Отырыста қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қызу пікірсайыс туғызды. Бұл саланың өзекті мәселелерін сенаторлар А.Мұсаханов, А.Бижанов, С.Еңсегенов, М.Бақтиярұлы, С.Бектұрғанов көтерді. Екі оқылымда жан-жақты талқыланғаннан кейін сенаторлар заңды қабылдады. Құжат білім беру процесінің гранттық және стипендиялық қамтамасыз ету мәселелерін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ салық салудың ерекше тәртібін белгілеуге және дербес білім беру ұйымдарына жер учаскесін беруге бағытталған. Заңмен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Атап айтқанда, академиялық басқару жүйесін жетілдіруді және дербес білім беру ұйымдарының жұмыс сапасын қамтамасыз етуді, Университеттің инновациялық кластері қызметін ұйымдастыруды, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігі мен дербестігін дамытуды көздейді.
Отырыс барысында бірқатар сенаторлардың депутаттық сауалдары жария етілді. С.Еңсегенов сумен қамтамасыз ету және суды әкетуде көрсетілген қызметтердің көлемін есептеу әдістемесіндегі кейбір ережелердің заңдылығын тексеру қажеттігін көтерді. Ж.Ерғалиев Ақмола облысындағы су құбыры желісінің құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыру маңызды мәселе екенін айтты.
Қ.Айтаханов 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында Кентау қаласындағы көп қабатты үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына және Жетісай қаласындағы кәріз жүйесі мен ғимараттар құрылысына қаржы бөлу туралы сауал жолдады. А.Бижанов шекара заставаларын қазіргі заманғы байланыс желісімен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Н.Оразалин 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығын мерекелеу жөніндегі кешенді шаралар өткізу туралы Үкіметтің қаулысын қабылдау қажеттігін айтты.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі -
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері