- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Ақтау теңіз порты солтүстік бағытта кеңейтілетін болады
ИИДМБ: Ақтау теңіз порты солтүстік бағытта кеңейтілетін болады
«Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасын жүзеге асыру барысы туралы онлайн режимде «Ақтау халықаралық теңіз порты» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Михаил Ялбачев әңгімелеп берді.
Жоба қуаттылығы құрғақ жүктерді жөнелтуді арттыруға, жылына 2,5 млн тонна құрғақ жүкті жөнелтуге бағытталған.
«Жоба құны 38 млрд теңге. Бүгінде үш айлақ бойынша жұмыстар соңына таяп қалды. Бидай терминалының сүрлемі көтерілді, құрал-жабдықтардың монтаж жұмысы аяқталуда. Сонымен қатар, әкімшілік нысанның, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер орталығының, материалды қоймалардың, құрал-жабдық қоймасы мен көлікжай іргетасы қалануда. Бір уақытта айналма жолдарда салынуда. Барлық жұмыстар кестеге сай жүргізілуде, нысанды пайдалануға беру 2015 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған», - деді Михаил Ялбачев.
Жобаға сайт әрқайсысы 10 мың тонна өнімге есептелген бункері бар бидай сақтау қоймасын салу көзделген. Ол жылына 1,5 млн тонна бидайды тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жалпы, жобаны жүзеге асыру үш кезеңде жүргізілуде. 2006-2011 жылдар аралығында қорғаныс құрылыстары салынды, осы мақсатта «Қазақстанның даму банкі»АҚ қарызға алынған қаржы жұмсалды. Құрылыстың жалпы құны - 10,82 млрд теңге.
Қазіргі таңда 2013-2015 жылдарға есептелген екінші кезең «Тереңдігін арттыру» бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Жобаның құны 5,4млрд. теңгеге есептелген.
Ал, үшінші кезең «Құрғақ жүк терминалдары мен инфарқұрылымдар құрылысы» аясында бірлескен кәсіпорын құрылды – «Ақтаусолтүстік теңіз терминалы» ЖШС.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді