- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы флоат-шыны өндірісіне қатысты теңдессіз жобамен танысты
Мемлекет басшысы флоат-шыны өндірісіне қатысты теңдессіз жобамен танысты
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол» мен елдің индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларына арналған Индустрияландыру күні өтіп жатыр. Аталмыш шара аясында Елбасы Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша жүзеге асырылып жатқан өндірістерге арналған көрмені тамашалады.
Елбасы сонымен қатар, «Қазақстанда жасалған, Сделано в Казахстане» белгісімен дайындалған отандық тауарлармен танысты. Бұған қоса Мемлекет басшысы ірі өндірістер көрмесінде де болды.
Осы шаралар барысында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына осы холдингтің қолдауымен іске қосылған бірқатар жобалар туралы айтып берді. Олардың бірі жақында ғана Қызылорда облысында таныстырылымы жасалған беттелген шынылар дайындаумен айналысатын «Orda Glass ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. «Бәтерек» холдингі аталмыш жобаға американдық «Stewart Engineers, Inc» компаниясын стратегиялық инвестор ретінде тартуға мүмкіндік жасап, қаржыландыру барысында да қолдау көрсеткен. Жобаның қуаты жылына 197 мың 100 тонна шыныны құрайды. Кәсіпорын 2017 жылы іске қосылады. Зауыт құрылысы кезінде оған 500 адам тартылса, кейін нысан іске қосылғанда онда 310 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.
«Бәйтерек» өкілдері Елбасына Павлодардағы темір жол көліктерін шығаратын «Проммашкомплект» серіктестігінің де жұмысымен таныстырды.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары