• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қытайдың техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастығының перспективасы сөз болды

Қазақстан мен Қытайдың техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастығының перспективасы сөз болды

3 Шілде, 2015 09:57
Астанада Қазақстан мен Қытайдың техникалық реттеу саласы негізінде импорт пен экспорт саудасын дамыту бағытындаағы ынтымақтастықтың жайы сөз болды, деп хабарлайды Индустриялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.

Қытайлық делегацияның Қазақстанға жасаған сапарының барысында Индустриялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері екі елдің ауыл шаруашылығын өнімдерінің сапасын бақылауда туындап отырған қиындықтар, технологиялық бақылауды жеңілдету құралдары, ҚХР аймағында арнайы стандарттарды дайындап, тарату мәселесін сөз етті.

Шетелдік делегация өкілдері сонымен қатар, қазақстандық метрология институтының зертханасы мен Қазақстандық стандарттау және метрология институтының Нормативті техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында болды.

Айта кететін мәселе, қонақтар қазақстандық әріптестерін биылғы жылдың күзінде Шэньси провинциясының Сиань қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық форумға шақырып, сәйкестікті бағалау процедураларын мойындау жөніндегі екіжақты келісімге қол қойылу мүмкіндігін жеткізді.  

Барлық жаңалықтар