• Басты
  • ҚР-да «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүйесі өзгертіледі
19 Қазан, 2013 10:28

ҚР-да «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүйесі өзгертіледі

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүйесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өзгертіледі.
ҚР-да «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының  жүйесі өзгертіледі

Өткен аптада «Ақ Ордадағы» жиында Нұрсұлтан Назарбаев құрамына «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» кіретін «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің басқарма  төрағасы Қуандық Бішімбаевтан жүйені өзгертуді талап етті. Пәтерлерді банктің басқарушы директоры, оның ағайыны, ұлы алып, оны үшінші жаққа сатып жіберген. Мен уақыт құртып осы ұсақ-түйекті санап отырмын. Міне, қарап отырсам осы сынды банктің 20 қызметкері бар. Біз банкті оның қызметкерлері үшін құрып па едік?» - деді Мемлекет басшысы.

17 қазанда Қуандық Бішімбаев Нұрсұлтан Назарбевтың тапсырмасын орындауға арналған Орталық Коммуникациялар Қызметі алаңындағы баспасөз конференциясына қатысты. Алғашқы жаңалық – «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» басшысы Нұрбибі Наурызбаева жұмыстан қуылды. Оның орнына «Бәйтеректің» басқарушы директоры Айбатыр Жұмағұлов келді. Холдинг «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шарттарын өзгертуге ниетті. Атап айтсақ, бағдарламаға банк басшылары мен оның туыстарының қатысуына шектеу қоймақ. «Сонымен қатар біз ерікті түрде пәтерлердің қайтарылуы мәселесін қарастырып жатырмыз. Ал керісінше жағдайда біз пәтерлерді сот жүйесі және жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура көмегіне жүгінеміз», - деді Қуандық Бішімбаев.

Айта кету керек, «Бәйтерек» холдингі ағымдағы жылдың мамыр айының 22-ші жұлдызында Мемлекет басшысының бұйрығымен құрылған болатын. Құрамына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстан даму банкі», «Қазақстан инвестициялық қоры», «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «ҚазЭкспортГарант», «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры», «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік», «Ипотекалық кредитті кепілдендіру Қазақстандық қоры», «KazynaCapitalManagement», «Стресстік активтер қоры» кіреді. Ұлттық басқару холдингінің мақсаты дамуға мүмкіндік жасау мен экономиканы диферсификациялау, инвестиция тарту, технологиялық кластерлерді дамыту, үлескер колмпаниялар арасында корпоративті басқаруды ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды