- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігінде өткен алқа мәжілісінде 2015 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды (Фото)
Қорғаныс министрлігінде өткен алқа мәжілісінде 2015 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды (Фото)
Алқа мәжілісіне министрлік басшылығы, департамент және басқарма басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, әскери оқу орындары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, сержанттар құрамы қатысты.
Іс-шара барысында Қарулы Күштердің сапалық жай-күйімен байланысты мәселелер, оның ішінде әскерлердің жауынгерлік әзірлігі, ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп, оны жақсарту жөніндегі тапсырмалар талқыланды.
«Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшының ерекше қолдауы және мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мәселелеріне ұдайы назар аударуының арқасында армияның жалпы жай-күйі жеткілікті жақсы деңгейде тұр», - деді алқа мәжілісінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Сонымен, Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша 2014 жылғы қазаннан бастап 2015 жылғы шілде аралығында барлық әскер түрлері мен өңірлік қолбасшылықтарда шамамен 70 кенеттен тексеру іске асырылды. Оның ішінде: 52 тексеру Құрлық әскерлерінде, 11 – Әуе қорғанысы күштері арасында және 3 – Әскери-теңіз күштерінде. Осынау іс-шаралардың, сондай-ақ жоспарлы тексерістердің басты мақсаты – кез келген жағдайда әскерлердің жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыру. Бұл орайда Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінің шынайы жауынгерлік әзірлігін тексерудің пәрменді тетігі кенеттен тексеру болып табылады.
Ағымдағы жылы мемлекет басшысының қолдауымен үш жылдық мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Оның бірыңғай орындаушысы «Қазақстан инжиниринг» болып табылады. 2020 жылға дейін қару-жарақ пен қорғаныс-өнеркәсібінің кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөнінде ауқымды жұмыс басталды.
Әскери стандарттарды әзірлеу жүйелендірілді. Министрлікпен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың жарағына қазақстандық кәсіпорындар шығарған өнімге жеңілдіктер көзделген қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдаудың жаңа қағидалары бекітілді. Шығарылатын өнімнің сапасын бақылау мақсатында әскери қабылдап алу институты енгізілген.
Алқа қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың бағыттары айқындалып, бірқатар тиісті тапсырмалар берілді. Бұдан өзге, мәжіліс қатысушылары аталған тетіктердің қорғаныс ведомствасының жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретіні туралы ой-пікірлерін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда