- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Н.Назарбаев туралы «Бітімгер» кітабы жарыққа шықты
Астанада Н.Назарбаев туралы «Бітімгер» кітабы жарыққа шықты
Жақында жарыққа шыққан «Бітімгер» кітабы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың украиналық дағдарысты тек бейбіт жолмен реттеу жолдарының ізденісіне бағытталған белсенді қызметіне арналып, Майданнан Минскідегі «норманд төрттігі» елдері басшыларының ақпандық кездесуіне дейінгі оқиғалар туралы баяндайды.
«Елбасының украиналық мәселе бойынша табыстырушы қызметін Қазақстанның түрлі халықаралық бастамаларымен кешенді түрде зерттей отырып, кітап авторы Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілікті сақтау және халықаралық қауымдастықта өзара сенімді арттыру жаһандық идеясын алға бастырады деген қорытындыға келеді», - деді СІМ басшысы.
«Осындай жауапты миссия тек нағыз еуразияшыл, қарсы тұрушылықтың емес, бәсекелестіктің жақтаушысы, әлемдік деңгейдегі дәйекті және сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың ғана қолынан келеді», – деп кітаптың алғысөзінде жазылған.
Кітап авторы – танымал қазақстандық дипломат, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов – Украинаның оңтүстік-шығысындағы шиеленіс жөніндегі күрделі мәселе бойынша Елбасының шетелдік әріптестерімен өткізген көптеген келіссөздеріне өзі тікелей қатысқан болатын. Сол себепті, кітап фактілер мен деретерге бай және онда Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция, Германия, Ресей, АҚШ, Италия, Швейцария, Беларусь және, сөзсіз, Украинаның өзінің басшыларымен әңгімелерінен үзінділер мол келтірілген.
«Кітап оқырман назарына адами қателіктерден зардап пен құрбандыққа қаншалықты оңай шалдығатыны және содан кейін бейбітшілік пен даму жолына қайта түсудің қаншалықты қиын болатыны туралы ой тастайды. Кітаптың дәл қазір басылып шығуының басты себебі осында. Ол тек украиналық дағдарысқа тиесілі тараптарды ғана бейбіт жолына шақырмай, бүкіл әлем қауымдастығын ашық диалог негізіндегі өзара сенімділікті арттыруға, өңірлік және жаһанды қауіпсіздік үшін берік негіз орнатуға шақырады. Бұл барлық елдер мен дүниежүзілік саясаткерлерінің жеріміздің болашақ ұрпағы алдындағы зор парызы», - деп сенімділігін білдірді автор.
Кітап тарихшылар, саясаттанушылар, студенттер мен саясат мәселелеріне қызығушылық білдіретін оқырмандарға арналған.
Анар Тәңірқұлова
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Абай жылының айшықты тұстары -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы