• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Республикасы мен Непал арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

Қазақстан Республикасы мен Непал арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

2 Шілде, 2015 15:18
Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Непалдың Тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Дурга Прасад Бхаттарай екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Бірлескен коммюникеге қол қойды, деп хабарлады СІМ.

Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасып, БҰҰ күн тәртібіндегі екі жаққа маңызды мәселелер талқыланды. Соның ішінде, теңізге шығуға жолы жоқ, тұрақты дамудың мақсаттарын құрастыру, климаттың өзгеруі мәселесі және т.б. Тараптар өзара тиімді байланыстарды кеңейтудің маңыздығына, әсіресе туризм, сауда, мәдениет және білім беру салаларын кеңейтуге көніл аударды. Елдердің қауіп-қатерлерді азайту және апаттарда жәрдемдесу саласында, соның ішінде Алматыдағы Гуманитарлық көмек пен тұрақты даму бойынша БҰҰ аймақтық хабын құру бастамасын жүзеге асыру арқылы өзара әрікеттесу маңыздығын атап өтілді.

Непал Елшісі Қазақстанмен бар потенциалды іске асыруға, соның ішінде СІМ-аралық консультациялар, сондай-ақ екі елдің парламенттерінің арасындағы ынтымақтастық құралдарын қолдану арқылы тұрақты әріптестік орнататынына үміт білдірді.

Непалдың Қазақстанда өтетін ең ірі іс-шаралардың бірі болып саналатын «Болашақ энергиясы» тақарыбындағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығына үміт білдірді.

Д. Бхатттарай Қазақстан тарапына Непалдағы жер сілкінісіне байланысты 200 мың АҚШ доллары көлемінде көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.

Бекітілген тәжерибиге сәйкес, дипломатиялық қатынастар орынатылғаннан кейін Қазақстан мен Непал өз қос өкілдік ететін Елшелерін тіркейді.

Непал – Гималайдың орталық бөлігінде, Оңтүстік Азияда орналасқан, халқының саны – 30 миллионнан астам. Үкіметтік басқару түрі – парламенттік республика.

Непал экономикасының басты секторы туризм болып табылады. Сыртқы саясатта Непал барлық елдермен достық қарым-қатынаста болу мен қосылмау қағидаттарын ұстанады.

Непал БҰҰ, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Қосылмау қозғалысы және Оңтүстік Азия өңірлік ынтымақтастық ассоциациясының (Катмандудағы штаб-пәтерімен бірге) мүшесі, сонымен бірге көпвекторлы техникалық және экономикалық ынтымақтастық бойынша Бенгал шығанағы бастамасына мүше.

 

Барлық жаңалықтар