• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорск қаласының әкімі өңірдің өндірістік кәсіпорындарының жағдайымен танысты (Фото)

Степногорск қаласының әкімі өңірдің өндірістік кәсіпорындарының жағдайымен танысты (Фото)

2 Шілде, 2015 12:44
Соңғы жылдары степногорлық аймақта ауыл шаруашылығының даму үдерісі байқалады, мұның жарқын дәлелі ретінде қияр мен көкөніс өндіретін «Қазақстанның Жылыжай Технологиясы» ЖШС-ын мысалға келтіруге болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бүгінгі күні кәсіпорын картоп егу бойынша жаңа жобаны жүзеге асыра бастады. Оны егуге 1495 га егістік алқаптарын өңдеудің технологиялық картасы ойластырылды. Бұл кәсіпорын аудандағы осы бағытта жұмыс жасап жүрген жалғыз серіктестік емес», - делінген хабарламада.

Аудандағы «BiopromTehnology» ЖШС да 35 га аумақ жерге картоптың вируссыз элиталы тұқымын егу технологиясының бірінші кезеңін жүзге асыруды бастады.

Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев аталмыш ауыл шаруашылық нысандарын аралап, олардың жағдайларымен танысты.

«Қазақстанның Жылыжай  Технологиясы» ЖШС бүгінгі күні 233 мың евро соммасына ауыл шаруашылығы техникалараны алу мақсатында «КазАгроФинанс» АҚ-нан несие алу туралы келіссөздер жүргізуде екен.

«BiopromTehnology» ЖШС  келесі жылы картоптан басқа бұршақ дақылдарын да егуді, шаруашылық аумағына сыйымдылығы 1000 тонна болатын картоп қоймасының құрылысын бастауды жоспарлауда.

Әнуар Күмпекеев кәсіпорын басшыларын «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру туралы өтініш беру туралы ұсынысын білдірді.

Сондай-ақ қала әкімі парды өңдеу, шөп шабу және астық жинау науқаны бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

Барлық жаңалықтар