- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі өзгеріске түспек
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі өзгеріске түспек
17 қыркүйекте Астанада Орталық Коммуникациялар Қызметінде «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің басшысы Қуандық Бішімбаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаеваның орнына Айбатыр Жұмағұловты тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана аталмыш банк жетекшілерінің қызметтік мүмкіндігін асыра пайдалнағаны жайлы мәліметтер анықталған болатын. Компанияның топ-менеджменті экс-төрағамен бірлесе отырып қарапайым халыққа арналған «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша берілуі тиіс пәтерледі өз араларында бөліскен.
Өткен аптада осыған қатысты Нұрсұлтан Назарбаевтың ойы айтылды. Елбасы бұл бассыздықты тоқтатып, кінәлілердің жазалануын талап етті. «Пәтерлер алуы керек халыққа берілсін. Банк төрағасы ақылды қызметкер, жұмыс істей алады, алайда бұл оның кешіріміне себеп бола алмайды», - деді Мемлекет басшысы.
«Бәйтеректің» басшысының айтуынша, холдинг «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шарттарын өзгертуге ниетті. Атап айтсақ, бағдарламаға банк басшылары мен оның туыстарының қатысуына шектеу қоймақ. «Сонымен қатар, біз ерікті түрде пәтерлердің қайтарылуы мәселесін қарастырып жатырмыз. Ал керісінше жағдайда біз пәтерлерді сот жүйесі және жергілікті атқарушы органдар мен прокоратура көмегіне жүгінеміз», - деді Қуандық Бишімбаев.
Естеріңізде болса, «Бәйтерек» холдингі ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының бұйрығымен құрылған болатын. Оның мақсаты дамуға мүмкіндік жасау мен экономиканы диферсификациялау, инвестиция тарту, технологиялық кластерлерді дамыту, үлескер компаниялар арасында корпоративті басқаруды ұйымдастыру.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда