• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның ДСҰ-ға енуі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады -сарапшы

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады -сарапшы

2 Шілде, 2015 12:29
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында «Егемен Қазақстан»Республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов хабарлады.

«Жақында ғана біздің еліміз кезекті жетістікке қол жеткізді, 19 жылға созылған келіссөздер аяқталды. Бұл өте қиын және ұзақ келіссөздер болды. Алайда біздің еліміз өз мүддесін қорғай білдік», - деді ол.

Сонымен қатар,  С. Абдрахмановтың пайымынша, еліміз ДСҰ-ға енгеннен кейін арқасын кеңге жаймауы тиіс. Қазақстан оны өз экономикасы үшін  барынша  тиімді пайдалана білу керек.

«Рас, ДСҰ-ға енгеннен кейін босаңсуға болмайды.  Ол Қазақстанға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бәсеке артады, өкінішке орай кейбір кәсіпорында банкротқа ұшырауы мүмкін себебі дүниежүзінің тауарына есік айқара ашылады. Мықтыға  жол беруге тура келеді, алайда бұл біздің кәсіпорындарымыздың, жалпы ел экономикасының  бәсекеге қабілеттілігін арттырады», -  деп түсіндірді «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ президенті.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар