• Басты
  • Жаңалықтар
  • Беларусь пен Қазақстанның меморган өкілдері денсаулық сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қолдану тәжірибесімен танысты

Беларусь пен Қазақстанның меморган өкілдері денсаулық сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қолдану тәжірибесімен танысты

2 Шілде, 2015 09:58
Беларусь Республикасының денсаулық сақтау және қаржы министрліктерінің, облыстық және аудандық атқару комитеттерінің, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Қазақстанның денсаулық сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қолдану бойынша тәжірибесімен танысты, деп хабарлады ДСӘДМ.

Беларусь республикасының өкілдерін ең алдымен Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қаржылық механизм мәселелері қызықтырды. Беларусь делегациясы  денсаулық сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған  мемлекеттік сатып алу қызметтерін жүзеге асыру тәртібімен, 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»

мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР ДСӘДМ ҮЕҰ-мен бірлесіп атқарып жатқан жұмыспен, республикада АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдаймен және Теміртау қаласындағы «Казахстанский Союз людей, живущих с ВИЧ» қоғамдық қорының жұмысымен таныстырылды.

Үшкүндік кездесудің қорытындысы бойынша тараптар денсаулық сақтау саласында ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

 

Барлық жаңалықтар