- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жазғы оқыту кезеңі басталды (Фото)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жазғы оқыту кезеңі басталды (Фото)
Әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы бойынша сабақтары басталды. Сонымен, «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде жарылғыш заттарды қолдану, алғашқы медициналық көмек, гарнизондық және қарауылдық кезекшілік уақытында күзет бекетінде қаруды пайдалану әдістері, жауынгерлік және дене даярлығы бойынша қауіпсіздік шаралары, құрамында улы химиялық заттар бар құралдарды қолдану тәсілдерін зерделеу, сондай-ақ броньды техниканы және т.б. қолдану кезінде өрт, техника қауіпсіздігі жөнінде сабақтар басталды.
Ал Қапшағай қаласындағы 58012 әскери бөлімінде жазғы оқыту кезеңінде инженерлік әскерлер мамандарының дара дайындығы жүзеге асырылады. Сабақтар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жүргізіледі, жеке құрамды оқыту кезінде ерекше назар инженерлік оқ-дәрілерді, техника мен мүлікті пайдалану тәсілдерінің әрекет ету қағидатын зерделеуге, оларды пайдалану қағидаларына бағытталған.
Тапсырмалар штаттық арналымға байланысты инженерлік қару-жарақ құралдарын қолдана отырып, күрделі жағдайларда әртүрлі амалдармен орындалады. Мамандардың дара дайындығы аяқталысымен олардың арналуына сәйкес роталардың үйлесуі өткізілетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»