- Басты
- Жаңалықтар
- Вице-премьер Б. Сапарбаев Текелі моноқаласының әлеуметтік нысандардың даму барысымен танысты (ФОТО)
Вице-премьер Б. Сапарбаев Текелі моноқаласының әлеуметтік нысандардың даму барысымен танысты (ФОТО)
Қарттар мен мүгедектер үйіне атбасын тіреп, мекеменің қызметін, тұрмыстық жағдайын көрді. Мұнан соң Бердібек Сапарбаев «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде қайта жаңғыртылған балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығында болды.
Вице-премьер атап өткендей, Текеліде аталмыш бағдарлама сәтті жүзеге асырылуда.
«Жалпы республика бойынша Текелі секілді шағын қалаларды сақтап қалу және одан әрі дамыту мақсатында Елбасының тапсырмасымен моноқалалар бағдарламасы жасалып, бүгінгі күні бұл бағдарламаға осындай 27 қала енгізілген. Олар қазір бағдарлама аясында мемлекет көрсеткен қолдаулардың арқасында өркендеп, өсіп келеді. Текелі тұрғындарының саны бұрынғымен салыстырғанда артып, бүгінгі күні 31 мыңнан асыпты. Халық санының көбеюі - бұл жергілікті жердегі тұрмыстың түзелгенін, жағдайдың жақсарғанын, жаңа жобалар қолға алынып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын айғақтайды. Сондықтан алдағы уақытта да шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастыра беру керек», - деді Б. Сапарбаев.
Сапар соңында Бердібек Сапарбаев Текелі қаласының тұрғындарымен, кәсіпкерлермен және әлеуметтік сала қызметкерлерімен орталық қалалық саябақта кездесіп, әңгімелесті, делінген хабарламада.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді