• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында көмірді терең кешенді өңдеу бойынша зауыт іске қосылады

Қарағанды облысында көмірді терең кешенді өңдеу бойынша зауыт іске қосылады

1 Шілде, 2015 18:47
Қарағанды облысында жылына 2,5 млн тонна көмірді терең кешенді өңдеу бойынша зауыт іске қосылады, оның өндірістік қуаттылығы 500 мың тоннаға дейін сұйық отын өндіруге жетеді, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов зауыттық құрылысы туралы құрылтай құжаттарына қол қою слтанатт рәсімінде.

«Елбасының тапсырмасы бойынша соңғы үш жылда көмірді кешенді өңдеу бойынша инноваиялық өндірісті іске қосу туралы жұмыстар жүргізілді. Бұл сала бізде алғаш рет іске қосылуда. Біздің көмір қорымыз өте мол және оның өңдеу өндірісін бір жолға қойсақ деп едік. Келіссөздердің бірінші кезеңі аяқталды, бірлескен кәсіпорын құрылуда. Күзге таман техникалық-экономикалық негіздеменің соңғы жоспары дайын болады. Жобаға «Цинхуа» ірі қытайлық корпорация» ААҚ қатысуда. Жылына өндірістік қуаттылығы 500 мың тоннаға дейін сұйық отынды өндіруге жететін 2,5 млн тонна көмірді терең кешенді өңдеу жоспарлануда», – деді Ә. Исекешев.

Министрдің айтуынша, бұл жобаның ерекшелігі ол көмірді өңдеудің жаңа технологиясын енгізеді және Еуро-5 санатындағы жанармайды өндіреді.

«Болашақта аталмыш жоба бойынша көмірхимиялық өнімдердің номенклатурасы арттырылады. Сонымен қатар, осы жаңа сала аясында өзгеде жобалар іске қосылады деген ойдамыз», – деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар