- Басты
- Жаңалықтар
- Беларусь Республикасы Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшілері қазақстандық армия жеке құрамының дайындығын жоғары бағалады (ФОТО)
Беларусь Республикасы Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшілері қазақстандық армия жеке құрамының дайындығын жоғары бағалады (ФОТО)
Белорус әскери қызметшілері ҚР ҚК дамуы және Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік даярлық мәселелерімен танысты. Тараптар ҰҚШҰ мүше мемлекеттері ӘШҚҚ өңірлік жүйелерінің құрылуы мен дамуын талқылады.
Нұрлан Орманбетов келіссөздер уақытында белорус әріптестерімен ынтымақтастық жасай отырып, қорғаныс өнеркәсібінде белгілі бір өзіндік жеткіліктілікке қол жеткізу үшін «біз сенімділік пен өзара түсіністікті нығайтамыз» деп қадап айтты.
Белорус делегациясы тәжірибе алмасу үшін ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскерлері мен әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерін ұсынды.
Бас командалық пунктіне, авиациялық базаларға және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына барған кезде екі елдің өкілдері ӘШҚҚ біріккен жүйесі шеңберінде бірлесіп ӘШҚҚ әскерлерінің жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруы және атқаруы, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі мен дамыту перспективалары мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Беларусь Республикасы ҚК әскери қызметшілеріне қазақстандық армияның басымдық міндеттері туралы әңгімеледі. Онда негізгі күш-жігер шоғырландырылған: қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін сатып алу перспективалары, авиациялық паркті күрделі жөндеу мен жаңғырту және басқарудың көп деңгейлі автоматтандырылған жүйесін құру.
«Қазақстандық армияның дамуы мен жетілдірілуі бізге көрініп тұр. Кадрларды даярлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған, жеке құрам оқып-үйретілген және өзінің білімін іс жүзінде кәсіби қолданады. Қазақстанның жерінде кездесуіміз бізге жақсы бағдар береді. Оның үстіне тәжірибе алмасу, сіздердің тәжірибелеріңізден іліп аларлықтай бір нәрсе алу және ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау өте маңызды. Әрі қарайғы перспективада қазақстандық әріптестермен нәтижелі ынтымақтастық жасайтын боламыз», - деді кездесу соңында Беларусь Республикасы ҚК ӘШҚҚ әскерлері және әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Олег Двигалев.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары