• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж.Айтжанова: Қазақстан нарыққа тауарларды жеткізуге байланысты ДСҰ-ға мүше 30 елдің өкілімен келіссөз жүргізді

Ж.Айтжанова: Қазақстан нарыққа тауарларды жеткізуге байланысты ДСҰ-ға мүше 30 елдің өкілімен келіссөз жүргізді

1 Шілде, 2015 18:09
Қазақстан нарыққа тауарларды жеткізуге байланысты ДСҰ-ға мүше 30 елдің өкілімен, ал нарыққа қызметтердің қолжетімділігіне қатысты халықаралық ұйымның 15 мүшесімен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова ОКҚ-де.

Келіссөздер негізгі 4 бағыт бойынша жүрді.  

Ауыл шаруашылығын қолдау. Келіссөз ДСҰ-ға мүше 50-ден астам елмен жасалды.
Жүйелеу жұмыстары, оның аясында Қазақстан экономикалық саясат бойынша нақты міндеттемелер алады.
Нарыққа қызметтердің кіргізілуіне байланысты екіжақты келіссөздер.
Нарыққа тауарлардың кіргізілуіне байланысты келіссөздер.

«Тауарлардың нарыққа жеткізілуіне байланысты біз ДСҰ-ға мүше 30 елмен, сонымен қатар, Еуропалық одақтың 28 мемлекетімен келіссөз жүргіздік. Нарыққа қызметтердің тиімділігі бойынша, халықаралық ұйымға мүше 15 мемлекетпен келістік»,-деді министр.  

Ж.Айтжанова айтып өткендей, өндірістік мәселелер бойынша келіссөздердің  қорытындысы Мемлекет басшысымен 22 маусым күні халық алдында айтылған үндеуінде тілге тиек болды. Біз өндірістік саланы қолдаудан бас тартпаймыз, алайда ДСҰ нормаларына сәйкес келмейтін кейбір  шаралар сәйкестендірілетін болады».

Министрдің айтуынша, Қазақстан үшін сезімтал мәселелер боды. «Ол өндірістік кәсіпорындарды қолдау, арнайы экономикалық аймақтар, машина жасау салалары бойынша қоймаларды қолдау  сынды шаралар», - деді ол.

Индира Қауметова

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар